Әнші біткен Димаштай болса...

Dalanews 27 желт. 2017 05:25 276

Қытайдағы I am a Singer жобасына қатысқалы бері Димаш Құдайберген марапат алды десе, таңғалмайтын болдық. Әлемді таңдай қақтырған жерлесіміз ай сайын, тіпті апта сайын музыка шыңын бағындырып, жүлденің түр-түрін алып келеді, – деп хабарлайды Stan.kz.

Күні кеше Димаш кезекті жеңісі туралы жариялады. “Жеңіс! ”Golden mango melody awards” марапатында жылдың үздік танымал əншісі атандым. Осының бəрі өздеріңіздің арқаларыңызда, құрметті, тыңдарман қауым”, – деп бөлісті ол.

Сондай-ақ, әлемдік турнеде жүрген Димаш бірер күн бұрын тағы бір марапатқа қол жеткізді. Құдайбергенов Қытайда “қарқынды шеберлігі үшін” жүлдесін жеңіп алды.

“Жаңа марапат! Жанкүйерлерімнің арқасы. Үлкен рахмет қолдауларыңызға. “Қарқынды шеберлігі үшін”, – дейді Димаш.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x