"Бір болжам – суицид". Аслан Мусиннің ұлы қайтыс болды

Dalanews 27 жел. 2017 04:56 704

Бұрын президент әкімшілігінің жетекшісі болған танымал саяси  тұлға Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Латвияда қайтыс болды.


Марқұмның қазасы жайлы қаралы хабарды  Telegram желісінде саясаттанушы Талғат Қалиев жеткізген.
Оның айтуынша, Асылбек Мусин 15 қабаттың терезесінен құлап,  ауыр жарақат алған. Бірнеше уақыттан кейін қайтыс болған.

“Демалыс болғандықтан криминалистикалық сараптама әлі жасалған жоқ. Өлімнің себебі және марқұмның өлер алдындағы жағдайы қалай болғаны тек қана сараптамадан кейін белгілі болады.

Полиция оны өз- өзіне қол салған болуы мүмкін деп болжайды. Себебі бұдан екі ай бұрын оның азаматтық некедегі әйелі дәл осы терезеден секіріп кеткен еді”, – деп жазған Талғат Қалиев.

Дереккөз:  stan.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар