Бар ма, жоқ па?

Dalanews 30 қар. 2017 06:46 256

Қазақстанның кейбір мұнай өңдеу зауыттары АИ-95 бензинін өндіре бастады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнай маркетингі, тасымалдау және өңдеу бойынша вице-президенті міндетін атқарушы Данияр Тиесов хабарлады.

«92-бензиннің өңірлердегі қоры шамамен 200 тоннаны құрайды, бұл әзірге бензин жағдайы қалыпты деп айту үшін жеткілікті. Қазақстандағы 92-ші бензинді тұтынудың тәуліктік нормасы – 10 мың тонна. Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытынан күніне 8,5 мың тонна бензин алынады және тәулігіне 3-4 мың тонна бензин импортпен жеткізіледі», – деді Д.Тиесов.

«ҚазМұнайГаз» өкілі АИ-95 маркасына қатысты жағдай өзгеше екенін атап өтті.

«95-ші бензин бойынша жағдай сәл қиындау, кей өңірлерде шектеу қойылды және ОҚО, ШҚО, Алматы және Қызылорда облыстарында карталар мен талондар бойынша сатылып жатыр. Қалған өңірлерде шектеу жоқ. Қазақстан бойынша АИ-95 бензинінің 14,5 мың тонна қоры бар, бір айға шамамен 20 мың тонна қажет», – деп атап өтті ол.

Сол себепті, компания өкілдерінің айтуынша, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының бір бөлігі АИ-95 маркасын шығаруға көшкен.

«Дизельді отын бойынша биыл шамамен 168 мың тонна қорымыз бар. Тұтас республика бойынша жанар-жағармай материалдары жағдайы тұрақты», – деп толықтырды өз сөзін Данияр Тиесов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x