Әзірбайжан банкінен Қазақстан қаржысын қайтаратын өкіл тағайындалды

Dalanews 30 мам. 2017 12:38 216

Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатын Әзірбайжан халықаралық банкінен қайтарумен айналысатын арнайы өкіл тағайындағанын мәлімдеді.

Мамыр айының ортасында БЖЗҚ 71,3 млрд теңге (шамамен 225 млн доллар) көлемінде инвестиция салған ӘХБ дефолтқа ұшырағаны белгілі болды.

Сағынтаевтың айтуынша, Үкімет Қазақстан азаматтарының зейнетақы активтерін сақтауға мүдделі, сол себепті Премьер-Министрдің арнайы өкілдерін тағайындады. "Мен әзірбайжандық премьер-министрмен сөйлестім, ол қарызды қайтаруға қолдау көрсететінін айтты", - деді Сағынтаев. Бұл туралы ҚазАқпарат ресми ақпарат агенттігі хабарлады.

Сағынтаевтың айтуынша, 23 мамырда Лондонда шетелдік несиегерлердің кездесуі кезінде қарызды қайтару шарттары жарияланған.

Қазақстандықтар табысының 10 пайызы Зейнетақы қорына аударылады. Зейнетақы активтерін басқаруға Ұлттық банк жауапты. Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтің мәлімдеуінше, БЖЗҚ қаражатын ӘХБ-не салу туралы шешімді Ұлттық банктің бұрынғы басшылығы қабылдаған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x