Шығыста Қазақ күресінен ІІІ Әлем кубогі өтеді

Dalanews 26 мам. 2017 13:11 288

Тарбағатай ауданында Ырғызбай Досханаұлының атындағы Қазақ күресінен ІІІ Әлем кубогі өтеді. Ақсуат ауылында өтетін дүбірлі додаға әлемнің 25 мемлекетінен келген балуандар бақ сынаспақ.

Аталмыш шараның ұйымдастырушыларының айтуынша, шараның жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары құрап отыр.

– Бұндай шаралар ауылды аймақтарда жақсы өтеді. Оның үстіне жылдан-жылға қатысушы мемлекеттердің де саны, көрермендердің қарасы да артып келеді. Шараның өтуіне қолдау берген ірі кәсіпорындар мен Күрес түрлері Халықаралық ассоцациясының президенті Гинтаус Вилейтаға алғыс білдіргім келеді, – деді Бүкіләлемдік Қазақ күресі федерациясының Вице-президенті Серік Түкиев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x