Құрылған кооперативтердің біреуі өсімдік шаруашылығын дамытса, тағы бірі кооператив сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуды көздеп отыр. Сондай-ақ, бір кооператив жеке қосалқы шаруашылықтардың қоғамдық тобының ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді. Ал үш кооператив аралас қызметпен айналыссақ қалған 17 кооператив ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту бойынша құрылған. Кооперативтер құрамында 1952 бас ірі қара, 124 бас жылқы, 2056 бас ұсақ мал және 2310,3 га ауыл шаруашылық жерлері бар. Оларда барлығы 270 адам жұмыспен қамтылған.
– Кооператив құрамында мүшелерінің саны 20 және одан жоғары адамдары бар барлығы 5 кооператив ашылған. Сонымен қатар, құрамында 20 адамы бар 2 кооперативтің құжаттары әділет басқармасында тіркелу үстінде. Тиісті жұмыстар жалғастырылуда, – деді С.Зайнулдин.
Былтыр аудан көлемінде өндірілген ет көлемі – 17 816,5 тонна (106,7 %), сүт – 73 520 тонна (104,6%), жұмыртқа – 16 846 мың дана (101,3 %), қырқылған қой жүні – 626 тоннаны (100,9%) құраған. Бұл орайда, агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға жасалған көмектің үлесі қомақты екенін ескерген жөн.