Ораза дұғалары

Dalanews 14 қаң. 2017 04:27 1508

Ауыз бекіту дұғасы:

Нәуайту ән асума саума шаһра рамадана минал фажри иләл мағриби халисан лилләһи таъала. Аллаһу акбар!

Қазақша мағынасы: Аллаһтың разылығы үшін таң білінгеннен күн батқанға дейін рамазан айының оразасын ұстауды ниет еттім.

Ауыз ашу дұғасы:

Аллаһумма ләкә сумту уә бикә әмәнту уә ъаләйкә тәуәккәлту әу ъала ризқикә афтарту фағфирли зунуби ма қаддамту уа мә аххарту. Аллаһу акбар!

Қазақша мағынасы: Аллаһым! Сен үшін ораза тұттым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сенің берген ризығыңмен ауыз аштым. Уа кешірімді Аллаһым! Менің әуелгі және кейінгі күнәларымды кешіре гөр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x