Сенаторлар Жоғарғы Кенештегі әріптестерімен кездесті

Dalanews 27 сәу. 2017 05:22 279

Дариға Назарбаева бастаған Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері  мен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Қордай ауданында  Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кенешінің депутаттарымен кездесті.

Бұл екі ел депутаттарының осындай сипаттағы екінші кездесуі. Депутаттар Икрам Адырбеков, Нұртай Әбіқаев, Мұхтар Алтынбаев, Серік Жақсыбеков, Ляззат Киинов, Георгий Ким Қордай және Ақжол өткізу бекеттерінің жұмыстарымен де танысты. Сенаторлар қырғыз әріптестерімен көші-қон, парламентаралық және шекаралық аймақтардағы ынтымақтастық, сауда-экономикалық әріптестік пен туризмді кеңейту мәселелерін талқылады. Қазіргі кезде екі елдің ынтымақтастық саласы 150-ден астам құжаттарды қамтитын келісім шарт-құқықтық базасымен бекітілген. Жоғарғы Кенештің төрағасы А.Жээнбековтің 2015 жылғы маусымда Астанаға жұмыс бабындағы сапары аясында Қазақстан Парламенті мен Жоғарғы Кенеш арасындағы Парламентаралық Кеңес туралы келісімге қол қойылып, осы Кеңестің отырысы өткен болатын.

– Кеңес Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара тиімді екіжақты байланысты нығайтуға, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимылды дамытуға жәрдемдеседі деп ойлаймын, – деді Д.Назарбаева. Сенатор сондай-ақ екіжақты негізде де, халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында да ортақ күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. «ЕАЭО аясына біріге отырып, біз өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықтық. Екіжақты қатынастарды дамытудың оң қарқынын атап өтуге болады. Бұл ретте жоғары деңгейде қол жеткен барлық келісімдердің іске асуына қол жеткізу маңызды деп санаймын»», - деді Сенат комитетінің төрағасы.

Кездесу барысында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев та сөз алып,   екі елдің арасындағы негізгі сауда - экономикалық байланыстарға жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ, қос ел арасындағы бірқатар  мәселелерді сөз етті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x