Екі күндік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде жалпы құны 156,0 млн. теңгені құрайтын 201,0 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылатын болады. Оның ішінде 15 тонна жылқы еті, 7 тонна тауық еті, 11 тонна шұжық өнімдері, 21,2 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 5 тонна қарақұмық, 5 тонна күріш, 1,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 6 тонна макарон өнімдері, 5,5 тонна өсімдік майы, 5 тонна қант, 0,5 тонна тұз, 7 тонна балық, 2,5 тонна бал, 2 тонна кептірілген жеміс және 103,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Бас қалаға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мақсатында 11 рефрижератор және сатушы азаматтарға арналған 2 автобус транспорттарымен қамтамасыз етілген. Жәрмеңкеде ұсынылатын тауар бағалары нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады. Сондай-ақ, бұл күндері өңіріміздің дүлділ өнерпаздары астаналықтарға концерттік бағдарламаларын ұсынады.