Танымал әнші депутат болды

Dalanews 16 сәу. 2017 06:51 263

Соңғы уақыттары өнер мен спорттың айналасында жүрген азаматтар Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттарға депутат болып сайлануда. Депутаттық мандатқа ие болған әншілер мен спортшылар қандайда бір мәселені шешіп, жұрттың ықыласына бөленді деп айта алмайсың.

Таяуда белгілі әнші Саят Медеуов Алматы облысы Қарасай аудандық Мәслихатының депутаты болып сайланғанын естідік.

Бұл жайындағы алғашқы хабарды желі қолданушысы, қоғамдық белсенді Айдар Қырықбай «Атамның басы-ай» тобында бөлісті. Ол өзінің жазбасында «Сүйінші! Қазақ халқының дәстүрлі өнерін насихаттап жүрген әнші Медеуов Саят Қабылұлы Алматы облысы, Қарасай ауданының №14 округі бойынша Мәслихат депутаты болып сайлануымен құттаймын!», – деп хабарлап, әншіні жаңа мансабымен құттықтады.

 



 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x