Димаш Назарбаевқа алғыс айтты (видео)

Dalanews 16 сәу. 2017 13:53 267

Қытайда өткен жаһандық байқауда бағы жанған Димаш өзіне қолдау көрсеткен барша қазақстандыққа алғыс айтты. Байқау қорытындысы шыға салысымен әншілер баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды BAQ.kz.

«Хунань тв» арнасында дүбірлі додаға қатысқан өнерпаздар өздерінің әсерімен бөлісті.
– Мен алыста жүрсем де, сіздердің демеп, шынайы қолдап отырғандарыңызды сездім. Баршаңызға үлкен рақмет! Осы шоу арқылы мен қазақ өнерін әлемге танытып қана қоймай, өзім де миллиондаған жанкүйер таптым. Шоуды ұйымдастырушылар – өз ісінің шебері. Ең бастысы, мен сияқты жастарға жағдай жасаған Елбасыға ризамын, – деді Димаш Құдайберген.

Димаш сонымен бірге Елбасыға да өз алғысын жолдады.
– Қазіргі таңда емін-еркін қалаған байқауымызға барып, әлемнің түкпір-түкпірінде өнер көрсетуімізге ерекше мүмкіндік берген, біздің заманауи Қазақстанның іргетасын қалаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен-үлкен рақметімді айтқым келеді – деді Азияның үздік әншісі.

 

https://www.youtube.com/watch?v=ebItu5lZjos

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x