Жарма ауданындағы жүздесу

Dalanews 18 нау. 2017 08:39 242

Дін мәселелері бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы үш күндік жұмыс сапарымен Жарма ауданында болды. Облыстық дін істері басқармасының қызметкерлерінен құралған топ мүшелері ауданның елді-мекендрін аралап, барлығы 21 кездесу өткізді.  

Кездесу барысында жұртшылыққа бүгінгі таңда елімізде дәстүрлі емес діни ағымдардың белең алып тұрғаны, оның мемлекет біртұтастығына тигізетін кері әсері туралы әңгіме өрбіді.

Басқосуға жиналған мешіт қызметкерлері, мекеме өкілдері, жастар тарапынан тиісінше сауалдар қойылды.

Бүгінгі күні Жарма ауданындағы діни ахкал тұрақты. Ауданда 10 мешіт, 2 католик бағытындағы шіркеу жұмыс істейді.

Аудан әкімдігі діни бірлестіктермен бірге тұрақты түрде қоғамдағы ұлтаралық келісім, рухани бірлікті нығайту бағытында түрлі шаралар ұйымдастырып отырады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x