Бұл туралы “Тұмарым” бағдарламасында айтылды деп жазады Stan.kz.
Гүлзира Айдарбекова осы уақытқа дейін танымал ұлының отбасы туралы ақпаратты жасырып келеді. Десе де, жұрт Қайрат Нұртастың Жұлдыз есімді жұбайы мен төрт баласының бар екенін айтып жүр. Отандық порталдардың бірі осылай ақпарат берген болатын. Осы орайда, продюсер ұлының отбасы туралы ақпаратты жоққа шығара отырып, болашақ келіндерінің бойынан табылуы тиіс қасиеттер туралы айтып берді.
«Мен үйіме адал келіннің келгенін армандаймын. Әрбір ана өзінен кейін сол үйдегі немерелерге тәрбие берсе екен деп ойлаймын. Балалардың бақытты болуы тікелей әйел адамға байланысты. Әрбір жетістікке жеткен ер-азаматтың артында не әйелі, не анасы тұрады. Келінім сондай сауатты, кішіпейіл, қарапайым болғанын қалар едім», – дейді ол.