Жамбылда жас полиглоттар клубы құрылды

Dalanews 15 нау. 2017 11:00 242

Облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен облысымызда жас полиглоттар клубы құрылды.  Клубтың негізгі мақсаты – шет тілдерін еркін меңгерген облыс жастарының  басын қосып, олардың  қабілеттерін  шыңдау. Сондай-ақ, жастардың көп тіл білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Облыста алғаш рет  құрылған клубтың салтанатты ашылуы  облыстық «Тілдерді дамыту орталығында»  өтті. Шараға облыс әкімдігі тілдерді дамыту  басқармасының  басшысы  Ғ.Боранбаева қатысып, жастардың көп тіл білуге деген құштарлығына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта клубтың  жұмысына қолдау білдіретіндігін жеткізді. Ал, облыстық «Полиглот» клубының президенті Сағи Алтынкөп облыс аудандарындағы көп тіл меңгерген  жастармен онлайн байланысқа шығып, өзара пікір алмасты.

Басқосу соңында, шараға қатысушы жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

 

Жамбыл облыс әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x