Жаманқұловтың 69 млн-ды қайда жұмсағаны белгілі болды

Dalanews 15 нау. 2017 11:04 892

“Феникс” фильмінің түсіріліміне деп бөлінген қаражатты режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов ұялы байланыс төлемі мен үйін күзетуге жұмсап жіберген.

Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалғанын “Феникс” кинокартинасының бұрынғы бас директоры Керімжан Есбаев айтты. Оның айтуынша, Есбаев қағаз жүзінде картинаның бас директоры болғанымен, шын мәнінде фильм туралы мүлде ештеңе білмеген. Ал өз жалақысының Жаманқұлов мүддесіне жұмсалғанын да ашып айтты.

“Ақша жөндеу жұмыстарына, коммуналдық төлемге, телефон төлеміне және күзет агенттігіне жұмсалды. Бұл шығындардың барлығын өтеуге Жаманқұлов бұйрық берді. Шығындарды журналға жазып, ерікті түрде тергеушілерге тапсырдым. Және Жаманқұловтың ұлына арналған Мәскеуге барып-келетін билет те бар”, – деді куәгер.

Дереккөз: stan.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар