Қазақстандық дзюдошы «алтын» алды

Dalanews 13 нау. 2017 03:53 231

Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Бакуде өтіп жатқан «үлкен шлем» турнирінде 90 келіге дейінгі салмақтағылардың арасында «алтын» алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Жартылай финалда қазақстандық күрес шебері әзербайжандық палуан Турал Сафгулиевтің жауырынын жер иіскетті. Финалда турнир қожайыны Маммадали Мехдиевпен кездесіп, вазари әдісімен екі ұпай алдыға шықты.

Осылайша, Бозбаев «Grand Slam» турнирінің тарихында алтын медаль жеңіп алған төртінші дзюдошы болып отыр. Белдесулерді көрермендер «Kazsport» телеарнасынан тамашалай алады.

 

Дереккөзі: ҚазАқпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x