Өзін «киіз үйде туып, ат жалында өскен қазақпын» деп таныстырған Талант биыл 15 жаста, Іле аймағындағы Нарат жайлауында туған. Әкесі сол өңірдегі мал дәрігері. Әкесін ауыр жұмыстың азбынан азда болса арылту мақсатында Талант қолайлы шприц ойлап тапқан. Оның ерекшелігі бір малға вакцина салғаннан кейін шприц инесін дезинфекциялап уақыт жұмсамайсыз, малдың денесінен инені суырып алғанда автоматты түрде дезинфекциялап отырады, осылай уақытты да, адам энергиясын да үнемдеуге болды.
Таланттың талантына таңдай қаққан сарапшылардың бірі бұл жобаның әліде кемелденіп, пайдалануға берілуіне көмектесуге ниетті екенін айтты.
https://www.youtube.com/watch?v=wa089On4rvA
Дереккөзі: jezbuyda.kz