Татарстан мен Башқұртстанның Мәдениет министрі Димаш Құдайбергенге алғыс айтты

Dalanews 26 қар. 2016 06:06 245

Қазан қаласындағы (Татарстанның астанасы) Қазақстанның Бас консулдығы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваға жас әнші Димаш Құдайберген үшін алғысын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды «Тілші».

«Өзіңіздің шәкіртіңіз – еліміздің жас әрі талантты ұлы Димаш Құдайберген 2016 жылғы 21 қарашада Татарстан Республикасының Қазан және 22 қарашада Башқұртстанның Уфа қалаларында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған екі республиканың халқы үшін өнерін паш етті», делінген хатта.

Бас консул А.Нұсқабайдың хабарлауынша, қазанда өткен концертке Татарстан Республикасының Мемлекеттік Кеңесінің басшысы мен Мәдениет Министрі, ал Уфадағы концертке Башқұртстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары мен Мәдениет министрлері қатысып,  болған іс-шаралардан тамаша әсер алған. Димаш Құдайбергеннің өнерін тамсанып тамашалаған Татарстан мен Башқұртстан Мәдениет министрлері оған алғыс жариялау туралы ұсыныс білдірген екен.

Осыған байланысты, А.Нұсқабай екі елдің Мәдениет министрлері Димаш Құдайбергенге алғыстарын білдіріп, әлемдік сахналарды бағындыра беруіне тілектес екендіктерін жеткізген.

Марат Төлепберген

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x