Ғани Қасымов өзін музейдегі ескі экспонат сияқты сезінді

Dalanews 24 қар. 2016 05:29 211

Қоғам қайраткері Ғани Қасымов instagram желісіндегі парақшасына әлдебір телеарнаға сұхбат беріп отырған суретін жүктеді. Әңгіме суретте емес, саясаткердің сөзінде болып тұр.

Көп телеарналар ел тәуелсіздік алған жылдар туралы айтуымды, сол кездердегі естеліктермен бөлісуімді сұрайды. Ол кез қалай болып еді? 25 жыл бұрын?..  Мен бәрін айтып отырамын. Ал санамда журналистердің экспериментін растау үшін, музейдің ескі экспонаты ретінде ғана шақыратын күнге дейін жеттім бе деген ой маза бермей тұрады» – деп жазған.

Ал желі қолданушылары болса 2011 жылғы сайлауда ел президенттігіне үміткер болған саясаткердің бұл жазбасына түрлі пікір білдіруде. Басым бөлігі Астананың атауын ауыстыруға қатысты ойын сұраған.

 

Дереккөзі: reactor.inform.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x