Өз сұхбатында келесі президенттің кім болатыны туралы сұраққа ашық жауап берген Назарбаев өз балалары тақ мұрагері болмайтынын айтқан еді.
Президент Қазақстан билігінің конституцияға сай ауысатынын, барлық процестің тек заң шеңберінде жүзеге асатынын жеткізген.
Елбасы сондай-ақ Қазақстан президенті болып сайланған адамның 5 жылдан 2 мәрте сайлана алатынын ескертіп, өз жоспарларын жүзеге асыруға барлық қажыр-қайратын жұмсайтынын жеткізген.
«Мен 2020 жылға дейін жұмыс істеймін, 2020 жылы жүздесейік», - деген еді Елбасы Bloomberg тілшілеріне.
Биылғы жылдың наурызында Назарбаев президенттіктен кететінін айтып, билікті Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Маусым айында өткен Президент сайлауында Тоқаев 70 пайыздан астам дауыс жинап жеңіске жетті.
Сайлаудан кейінгі сөзінде ол "Қазақстанды әділетті елге айналдыратынын" айтты.