Мәдина Сәдуақасованы белгісіз біреу гүлмен көмкеріп тастады

Dalanews 21 қыр. 2016 01:08 238

Алматы қаласының 1000-жылдық мерейтойына арналған концертте әнші Мәдина Сәдуақасоваға белгісіз тыңдарманы 1000 тал раушан гүлін тарту етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматы қаласының 1000-жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылған салтанатты шараны Алматы туралы әнмен ашқан Мәдинаға деген көрерменнің ықыласы ерекше болды. Олар Мәдинаны қошеметтің астына алды.

Сахнадағы әншіге белгісіз тыңдарманы раушан гүлдерінің шоғырын сыйға тартты. Бұл туралы Мәдина желідегі парақшасында жазды. "Мың жылдық мерейтойға арналған 1000 тал раушан!", - деп жазды ол.

Алайда раушан гүлдерін тарту еткен жанның кім екенін ол ашып жазбаған.

Мұны көрген қолданушылар әншіге жылы лебіздерін білдірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x