Қазақ киносының кемшілігі...

Dalanews 03 там. 2016 02:52 432

Аружан Жазылбекова комедия жанрындағы Қазақстан мен Ресей фильмдерін өзара салыстыра келе алғашқысының кемшіліктерін айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Дәл қазір Аружан Жазылбекова Ресейде “Алтын Орда” атты фильмнің түсірілім жұмыстарына қатысып жатыр. Актриса аталған фильмде басты рөлдердің бірін сомдайды.

– Бүгін ресейлік “Алтын Орда” жобасының алғашқы түсірілімі. Бірінші арнаға арнап түсірілім жатыр. Мен басты рөлдердің бірін сомдаймын. Өзіме өзім сене алар емеспін. Мені шымшып алыңыздаршы. Немесе валерьянка беріңіздерші, – дейді Аружаз Жазылбекова.

Мұнымен қатар, актриса аталға елде жүріп “Комедиялық телехикаяның креативті өнімділігі” атты мастер-классқа қатысқан. Ол сабақтан алған тәжірибесін бөлісіп, Қазақстандағы кино саласының әлдеқайда артта қалғанын жеткізді.

– Өзімнің не себепті барғанымды білмеймін. Бірақ ода тұрған не бар. Актерлер де көп нәрсені білгісі келеді. Константин Майер креативті продюсер, ТНТ арнасындағы “Физрук” телехикаясының креативті продюсері. Сабақ барасында бір тақырыпқа аса қызықтым. Жалпы кино саласында “Түсірімілім алаңындағы автор” деген ұғым бар. Ол түсірілім алаңына келіп, әзіл-қалжыңның қаншалықты өтімді айтылып жатқанын бақылайды. Монтаж авторы да өз жұмысын жасап отырып осы әрекетті қайталайды. Неге біздің авторлар мен сценарийшілер бұлай жасамайды? Сонда режиссердің немесе актердің берілген әзілді қалай жеткізетіні маңызды емес пе? Бір кездері сценарийін 10 адам қатар отырып жазған телехикаяға түскен болатынмын. Бір күні олардың барлығы түсірілім алаңына келді. Ал не істегінін білесіздер ме? Ештеңе! Тіпті актерлермен де танысқан жоқ! – дейді актриса. Жазылбекованың бұл сөздерін әріптесі Дарья Вербова да қоштай түсті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x