Мэлс Елеусізов: "Халық Қытайдан қорқады"

Dalanews 18 мау. 2016 02:18 271


Жер сатылмауы керек, ал жалға беру мерзімі қысқа болуы тиіс. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында эколог Мэлс Елеусізов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.





«Мені бәрі асфальтте өскен адам дейді. Олай емес, мен ауылда өстім. Сол себепті ауыл шаруашылығы мәселесін жақсы білемін. Соңғы 25 жылда шеттелде тұрған жоқпын. Сондықтан нақты ұсынысым да бар. Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен министрге (ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке – авт.) сол революциялық ұсыныстарды көрсетейін деп едім. Бірақ дәл қазір біз жер мәселесін талқылап жатырмыз», - деп атап өтті эколог.

Оның айтуынша, Мұрат Әуезов Қазақстанның Қытайдағы елшісі болған кезде оған географиялық картадағы Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының аумағы Қытайдың жері ретінде көрсетілген.


«Міне, халық осыдан қорқады. Сол себепті жерді жекеменшікке сатуға жол беруге болмайды! Ал жалға беру мерзімі қысқа әрі ол мемлекеттің қатаң бақылауында болуы тиіс», - деп түйіндеді М.Елеусізов


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x