Тағы бір лаңкес ұсталды

Dalanews 07 мау. 2016 23:07 249

Ақтөбе облысында полиция тағы бір лаңкесті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев хабарлады.

"Құқық қорғау органдары қылмыскерлерді анықтау және ұстау, сонымен қатар Ақтөбе территориясындағы қауіпсіздік пен тәртіп сақтау бойынша шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Бүгін шамамен таңғы алтыда Қобда ауданындағы Қобда ауылында шабуылдарға қатысқан тағы бір қылмыскер ұсталды. Қалған алты қылмыскер іздеуде жүр", - деді Сәдубаев телефон арқылы.

Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x