«Ауыл» партиясы: «Шетелдiктер қараусыз жатқан жерлердi игеруi тиiс» 

Dalanews 24 мам. 2016 10:56 192



«Ауыл» партиясы бос жатқан жерлердi игеруге шетелдiктер мен олардың инвестицияларын жұмылдыруды ұсынды. Бұл туралы «Ауыл» ХДПП төрағасы Әли Бектаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Мұхтар Құл-Мұхамедтiң төрағалығымен өткен Демократиялық күштердiң «Қазақстан – 2050« жалпыұлттық коалициясының отырысында мәлiмдедi.

«Жерді жекешелендiруге қатысты партияның позициясы анық. Жер өз иесiн табуы керек. Бiрақ, жердi жекешелендiру кезiнде халық, қоғамдық ұйымдар, әкiмдiктер бұны қатаң бақылауы қажет. Осы механизмдер халыққа толық жеткiзiлуi керек.

Жердi шетелдiктерге жалға беру мәселесiне қатысты әңгiме көп көтерiлiп жүр. Әрине, жердi өзiмiз ғана басын тұсап отыра беруiмiзге болады. Бiрақ, жердiң сапасын және құнарлылығын арттыруға, жерден тиiстi деңгейде өнiм алуға бүгiнгi таңда бiздiң жағдайымыз келе бермейдi. Оның үстiне бүгiн игерiлiп жатқан 100 млн гектардан астам жер ауыл шаруашылығында пайдаланылмайды. Сондай-ақ, Қазақстанда 100 млн гектардан астам бос жер бар, олар тiптi қараусыз жатыр», — дейдi Ә.Бектаев.

Оның айтуынша, 100 млн гектардың көбi – тыңайған жерлер. Оларды игеру үшiн үлкен қаражат керек. Осы босалқы жерлердi игерген кезде шетелдiктердiң, шетелдiк инвесторлардың жалға ала отырып, инвестициялауы қажет болар.

ДереккөзBNews.kz




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x