Қырғызстан мен Қытай ынтымақтастықты нығайтуда

Dalanews 23 мам. 2016 23:28 184



Қытай халықтық республикасының сыртқы істер министрімен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кездесті. Ол Ван И мырзаға "Данакер" орденін табыстады.





Қырғызстан басшысы қырғыз-қытай ынтымақтастығының нығаюына мысал ретінде "Датқа-Кемин" электр жүйесі құрылысының жобасын атады. Бұл Қырғыз елін энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізді дейді.

- Соңғы үш жылда ынтымақтастық тереңдей түсті. Қытаймен қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Осы жылы электр энергиясы болады ма, жоқ па, көршілер сөндіріп тастайды ма деп алаңдаған жоқпыз. Қытай энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуімізге үлес қосты. Сондықтан, мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мырзаға алғыс білдіремін. Қытай Қырғызстанның нағыз досы, - деп мәлімдеді марапаттау салтанаты кезінде президент Атамбаев.

Министр Ван И мырза Қазақстан мен Өзбекстанға аттанды. Ол осы аптада Тәшкентте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлерінің саммитіне қатысады.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x