Әсет Исекешев: «Экономиканы дамытатын инфрақұрылым қажет»

Dalanews 17 мам. 2016 02:45 152

Астанада өтіп жатқан Қазақстанның Еуразиялық Бизнес Қауымдастығының аясында ҚР инвестициялық климатын жақсарту мақсатында дөңгелек үстел барысында  ҚР Инвестициялар жəне даму министрі Әсет Исекешев «Қазақстан оңтайлы инвестициялық климатты құруға, қолдауға дайын» екенін айтты.

Өз сөзінде министр: «Елбасымыз Н.Назарбаевтың бұйрығымен инвестициялық шаралар үшін интеграциялық жүйе құрылды. Бұл жүйе инвесторлар тобымен бірлесе жұмыс атқаруды қамтамасыз етеді. Жүйе инвесторлардың барлық деңгейін (сыртқы - орталық - аймақтық) қолдайды. 2016 жылдан бастап ҚР инвестициялар жəне даму Министрлігі инвесторлар үшін One-Stop-Shop жүйесіне енді. Бұл дегеніміз - барлық инвесторлар өзіне қажетті ақпарат, шешім, лицензия, коммуналдық қызметтің барлығын бір жерден алатын болады. Жылдың басынан бері One-Stop-Shop арқылы 500 инвесторға қызмет көрсетілді» деп атап өтті.

Сондай-ақ, министрдің сөзінше, тағы бір ең маңызды бағдарлама – еліміздің экономикалық дамуын арттыратын инфрақұрылым құру. Бұл мемлекеттік секторларға да, жеке секторларға да өте тиімді.

«Жаңа инвесторлар тартудың бəрі елімізге пайдасын əкеле бермейді» деген Әсет Исекешев сондықтан бұрыннан бірлесіп жұмыс атқарып жүрген инвесторлардың 60 пайызын қайта жаңғыртқалы отырғандарын мәлімдей келіп: «Қазақстан оңтайлы инвестициялық климатты құруға, қолдауға дайын. Кез келген бастамаларыңызды қуана қарсы аламыз. Əрбір инвесторлар біз үшін құрметті жəне олардың əрқайсысын еліміздегі инвестициялық қызметтің қай деңгейінде болсын көргіміз келетінін айтқым келеді», –  деп сөзін түйіндеді.

«ҚмД» ақпарат


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x