Еліміздің ертеңгі инвестициясын жақсартуға ұмтылатын бұл жиынға ҚР Сыртқа істер министрі Е.Ыдрысов, ҚР Инвестициялар жəне даму министрі Ә.Исекешев, Қазақстандағы дипломатиялық миссияларды атқарып жүрген басшылар, шетелдік консулдар мен халықаралық бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысып жатыр.
EUROBAK қауымдастығы ұйымдастырып жатқан бұл шара Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту үшін шетелдік бизнес-қауымдастықтардың маңызды мəселелерін талқылауға арналған. Бəрі оңынан шешіліп, мəмілеге келе алса, ары қарай бірлесе жұмыс атқару жоспары бар.
«ҚмД» ақпарат