Инвестиция иірімі

Dalanews 17 мам. 2016 02:20 140

Бүгін Астанада Қазақстанның Еуразиялық Бизнес Қауымдастығының аясында Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту мақсатында дөңгелек үстел өтуде.

Еліміздің ертеңгі инвестициясын жақсартуға ұмтылатын бұл жиынға ҚР Сыртқа істер министрі Е.Ыдрысов, ҚР Инвестициялар жəне даму министрі Ә.Исекешев, Қазақстандағы дипломатиялық миссияларды атқарып жүрген басшылар, шетелдік консулдар мен халықаралық бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысып жатыр.

EUROBAK қауымдастығы ұйымдастырып жатқан бұл шара Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту үшін шетелдік бизнес-қауымдастықтардың маңызды мəселелерін талқылауға арналған. Бəрі оңынан шешіліп, мəмілеге келе алса, ары қарай бірлесе жұмыс атқару жоспары бар.

«ҚмД» ақпарат




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x