ЖСДП сайлауға лидерсіз қатыса ма?

Dalanews 30 қаң. 2016 00:50 155

Алматыда жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының сайлауалды съезі өтіп жатыр. Бұл туралы партия сайты хабарлады. Съезде партияның күн тәртібіндегі мәселелер мен Мәжіліс сайлауына үміткерлер ұсыну талқыланады. Кандидаттардың тізімі аздан кейін белгілі болмақ.

Бұл жиынға партия төрағасы Жармахан Тұяқбай, Серікболсын Әбділдин, Балташ Тұрсымбаев, Евгений Жовтис, Мұстахим Түлеев, Зәуреш Батталова бастаған 100-ден аса адам қатысып, үміткерлерді бекіту туралы ой бөлісуде. Сайлауға Жармахан Тұяқбайсыз қатысуды ұсынғандар да осы съезде отыр.

Жармахан Тұяқбай бүгінгі билікті ауыстырар кез жеткенін айтып отыр. Өзінің кандидатурасын ұсына ма, жоқ па, ол әзірге белгісіз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x