Apple көлік құрастырады

Dalanews 25 қыр. 2015 04:01 278

Сапалы ұялы телефон өндірумен аты әлемге жайылған Apple корпорациясы алдағы уақытта электромобиль шығарып, табысын еселеуді көздеп отыр.

Дереккөздеріне жүгінсек, Apple алғашқы электромобильдерін 2019 жыл шығарып, халықтың игілігіне бермекші. Қазіргі таңда корпорацияда 600-ден астам адам жаңа темір тұлпарды жобалап, шығару ісіне кірісіп кеткенін корпорацияның басшылығы ресми түрде растады. Apple компаниясы алғашқы көліктерін «Титан» деп атауды жоспарлап отыр. Осылайша олар қоршаған ортаға зияны жоқ автокөлік құрастырып, жұртшылықты табиғатты қорғауға шақырмақшы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x