ИМ Пәкістандағы ядролық қаруды сатып ала алатынын мәлімдеді

Dalanews 25 мам. 2015 22:17 269

ИМ әскері былтыр Сирияның Мосул қаласын алып, Таяу Шығыс аймағында ең қауіпті күшке айналды. Жетілген соғыс амалдары, әскері мен қауіптілігі, бейбіт халыққа жасаған зұлымдығы  жағынан «Әл-Қайдадан» озып шыққан, ең бай террорлық ұйым болды.

Террорлық ұйымның пайда болғанына биыл бір жыл толады. ИМ қазіргі таңда Ирактың үштен бірін, Сирияның жартысын жаулап үлгерді. ИМ тобының мұншалықты үлкен күшке ие болуының бірқатар факторы да бар. Соның ішінде, бірінші кезекте ақпарат жеткізуде ғаламтор мен әлеуметтік желіні кеңінен пайдалануын айтуға болады. Ғаламторда өздерінің соғыстағы видеолары мен жиһадқа шақырған әсерлі уағыздары арқылы, әлемдегі жастарды Сирия жерінде, «кәпірлерге» қарсы соғысуға шақыруда. Әлеуметтік желіде Сирияға келу жолдарын үйретеді. Мамырдың 23-і күні, ИМ- нің жеке «Dabiq» атты журналында елді шошытатын мақала жарияланды. Мақалада ИМ- нің банктердегі есеп шоттарында миллиардтаған доллары бар екені, қаласа әлемдік контрабандалық қару сатушылар арқылы, бір жыл ішінде Пәкістандағы ядролық қаруды сатып ала алатынын мәлімдеген. Бұған дәлел ретінде бір жыл бұрынғы ИM- нің жағдайын қазіргімен салыстырып көру жеткілікті екені айтылады. Мәлімдемеге ойланып қарасақ, дәл сондай залал келтіретін, мыңдаған тонна аммониум нитрат жарылғышын жасауға күштері жететінін көруге болады. Шикі мұнай сату, тұтқындағы адам саудасы арқылы бір жыл ішінде шынымен де үлкен күшке айналып үлгерді. Сондай- ақ, мақалада батыс елдеріне жақын уақыттарда тосын  шабуыл жасауға ойлану үстінде екені, ИМ-нің болашақ жоспарлары туралы айтылады.

Назар Тұрықбаұлы


The independent басылымы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x