Түркияның мақта-жіп және киім-кешек экспорты бәсеңдеді

Dalanews 25 мам. 2015 05:40 1233

Түркия текстиль (мата-жіп) мен киім-кешек секторындағы экспорттық пайдасы былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай бәсеңдеді. Ресейдегі экономикалық дағдарыс, Украинадағы жанжалдар, Ирак пен Сириядағы соғыстар, Түркияның текстиль мен киім кешек өнімдері экспортын азайтты.

Түркия текстиль және киім индустриясы министрі (TGSD) Шереф Файат киім-кешек және мата өндіретін фирма басшыларына сала жиналысында ескерту жасады. Экспортқа шығару ісінде тауарды сақтандыру керектігін және сыртқы елдердің экономикалық жағдайын ескеруін айтты. Әйтпесе бірсәтте қаржылай тоқырауға  ұшырауы мүмкін екендігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Шереф Файат сала жиналысында мыналарды айтты. «Түркияның текстиль секторы былтырғы жылы 18,7 миллион пайда тапты. Ал, биылғы жылдың алғашқы төрт айында өткен жылмен салыстырғанда сектордың пайдасы айтарлықтай азайып кеткенін көріп отырмыз. Көрші мемлкеттерде болып жатқан жағдайлар секторға әсер етуде. Елдің экспорттан түсетін пайдасының 12 пайызы киім-кешек пен мата өнімдерінен құралады. АҚШ пен Қытайдан кейінгі, ең үлкен текстиль мен киім экспорттаушы мемлектпіз», - деді.

Түркия экспорттық тауарларды сақтандыру ұйымының басшысы (Coface) Белкис Алпергун «Матаның 52 пайызын,  киім-кешектің 75 пайызын Еуропаға экспорттап отырмыз. Әлемдік қалыптасқан жағдайға дайын болу керек. Нарыққа болжам жасау қиын. Бірақ ендігі біздің мақсатымыз Солтүстік Америка нарығына кіру» деді.

Назар Тұрықбайұлы

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар