Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов қоғамды дүр сілкіндірген «Шерзат оқиғасына» қатысты пікір білдіріп, композитор Арман Дүйсеновтің өлімі туралы шындықты айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Депутат Qazaq Airan You Tube арнасына берген сұхбатта журналистің Талғар оқиғасына ұқсас жағдайлар Үржар мен Мақаншыда да болды дедіңіз, сол рас па деген сауалына жауап берді.
"Шерзаттың ісі бір әулеттің оқиғасы. Ия, бұл аянышты әрі қайғылы жағдай. Ешкімнің басына бермесін. Бірақ, осыны саясат қылғысы келгендер болды дегенмен келіспей қоя алмаймыз. Блогерлердің шулауының мақсаты — үкіметте дүмпу тудыру. Қоғамды дауысы қатты шығатын және айтқан сөзі өтетін адамдарды соған тартқысы келді. Бізде, қоғамда мен айтып жатырмын, сен неге үндемей отырсың деген әңгіме бар", дейді депутат.
Осы тұста Зайытов Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты пікір білдірді.
"Мен Арман Дүйсеновтің баласының тергеу материалдарымен толық таныстым деп айта алмаймын. Бірақ, бірінші келген протоколда асылған адамның екі қолы байлаулы деп анық жазылған. Соны неге зерттемейсіздер, шуламайсыздар? Өйткені, бұдан ешкім саясат жасап жатқан жоқ. Ал, мен Абайдың жерлесімін. Көп айтса, көнді.
Жұрт айтса, болды, қылығы надан адамның дегенді мен мына жеріме жазып алғанмын. Егер, менің өзімнің қалауым болмаса, мені ешкім ол жерге сүйреп апара алмайды», — дейді Ринат Зайытов.
Еске салайық, былтыр 8 қазанда Алматыда біреулер композитор Арман Дүйсеновтің ұлын қастықпен өлтірген.
Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік жеолідегі парақшасында Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жеткенін айтқан еді.
"Иманы саламат болсын,өлтірген адамды тауып,жазасын беру керек,Айсұлу айналайын Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен баурына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды әнші.
Алматының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Танымал композитор Арман Дүйсенов 2023 жылы 24 қаңтарда өмірден өтті.