Алматыда біреулер композитор Арман Дүйсеновтің ұлын қастықпен өлтірген

Көркем Алдабергенова 08 қаз. 2024 15:38 9978

Алматыда композитор Арман Дүйсеновтің ұлы қастықпен өлтірілген, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік жеолідегі парақшасында Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жеткенін айтқан еді.

"Иманы саламат болсын,өлтірген адамды тауып,жазасын беру керек,Айсұлу айналайын Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен баурына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды әнші. 

Алматының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 

"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Еске салайық, танымал композитор Арман Дүйсенов 2023 жылы 24 қаңтарда өмірден өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар