Жетісу облысында жапан далада жалғыз жүрген төрт жасар баланың ата-анасы табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Көліктегі полиция департаменті дерегінше, оның анасына кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.
Еске салайық, бұған дейін оқиғаның мән-жайы хабарланды. 20 қыркүйекте сағат 12:30-да Сарыөзек - Үштөбе учаскесінің Тауарасы - Айнабұлақ аралығында жүк пойызының машинисі теміржол төсемі жанынан Айнабұлақ станциясына жалғыз бағыт алған төрт жасар баланы байқаған.
Машинист шамамен 38 шақ/сағ жылдамдықпен қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына отырғызып алған. Бұл туралы ол пойыз диспетчеріне хабарлаған. Бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылған.