Пойыз машинисі далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы тауып алған

Пойыз машинисі далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы тауып алған
ҚТЖ

Пойыз машинисі далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы тауып алған, деп хабарлайды dalanews.kz.

20 қыркүйекте сағат 12:30-да Сарыөзек - Үштөбе учаскесінің Тауарасы - Айнабұлақ аралығында жүк пойызының машинисі теміржол төсемі жанынан Айнабұлақ станциясына жалғыз бағыт алған төрт жасар баланы байқаған.

Машинист шамамен 38 шақ/сағ жылдамдықпен қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына отырғызып алған. Бұл туралы ол пойыз диспетчеріне хабарлаған. Бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылған.