"Халық бәрінен қымбат...". Қамауға алынған Қуат Хамитов билікке жауап қатты

Dalanews 15 қыр. 2020 07:04 215

Қуат Хамитов қамауға алынғандығы туралы жаңалықтан кейін өз парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz. 

Ол instagram-дағы сторизінде: "Отан, халық өзіңнен де қымбат болуы керек!", деп жазды.

Бүгін сағат 11-де ережесіз  жекпе-жектен спорт шебері Полиция департаменті ғимаратынан шыққан соң, Azattyq Rýhy тілшісіне өз пікірін білдірген болатын.

«Біріншіден халыққа, жанкүйерлеріме, қолдау білдірген журналистерге алғыс білдіремін. Ешқандай қысым болған жоқ, қазір бостандықтамын. Мен халықтың адамымын, өз ой-пікірімді бөлісіп отырамын. Өз азаматтық позициямды ел атынан білдіріп отыратын кездер де болады. Мен қашанда өз айтқанымда тұрамын. Ойым өзгерген жоқ. Бірақ ешкімді атып-қырудың қажеті жоқ. Ауылда бұрын таспен, таяқпен ататын. Ата-апаларымыз айтып отыратын. Бірақ ешкімді атудың қажеті жоқ. Ойым, ісім халықпен бірге. Егер бірдеңенің халыққа зияны тисе, халықтың атынан сөйлеймін», - деді Хамитов.

Спортшы бұған дейін көшеде дезинфекция жасаушыларды ұрып-соғып, тікұшақтарға оқ атуға үндеу жасаған болатын. Одан кейін ол тиісті процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру үшін Алматы қаласының полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.

Арнайы брифингте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Хамитовтың әрекеті қылмысқа жатанын мәлімдеді.

– Спортшы Қуат Хамитовтың авторлығындағы видеоға пікір білдіре кетейін. Ол зорлық-зомбылыққа шақыратын үндеу жасап, оны видеоға түсіпі, әлеуметтік желілердің біріндегі өзінің парақшасында жариялады.

Бұл тікелей заңбұзушылық және қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Ішкі істер министрлігі азаматтарды біле тұра жалған ақпарат таратпауға шақырады, тек мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне сену керек.


Заңды бұзған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын әрдайым есте сақтау қажет, – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x