Ұлттық Банк валюта нарығын тұрақтандыру үшін 125,6 млн долларға интервенция жүргізген

Кәмшат Тілеухан 01 там. 2025 10:57

30 шілдеде валюта нарығындағы өтімділік барынша төмендеп, алыпсатарлық қысымның күшеюіне байланысты Ұлттық Банк 125,6 миллион АҚШ доллары көлемінде валюталық интервенциялар жүргізді. Интервенцияларды жүргізу алыпсатарлық белсенділікті төмендетуге және нарықта қажетті өтімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк бүгін валюта нарығындағы аталған шараның қорытындысын жариялады.

"Шілде айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 540,72 теңгеге дейін, 4%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа айлық көлемі бір айда 235 млн АҚШ долларынан 260 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Жалпы сауда-саттық көлемі 5,7 млрд АҚШ долларын құрады", делінген Ұлттық Банктің түсініктемесінде.

 Ұлттық Банк жүргізілген интервенция нарықтағы алыпсатарлық белсенділікті төмендетіп, жағдайды тұрақтаныруға сеп бола алғанын баса атап көрсетеді.

Бұған дейін сайтымызда "Баға 448-ден 443-ке бір-ақ түсті". Ұлттық Банк валюталық интервенция жүргізді ме?" деген материал жарияланған.

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар