Уиткофф пен Кушнер Киевке қандай ұсыныспен барды?

Уиткофф пен Кушнер Киевке қандай ұсыныспен барды?
ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен төрт сағатқа жуық келіссөз жүргізіп, бұған дейін ұсынылған бейбіт жоспарлардың жаңартылған нұсқаларын талқылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Financial Times дереккөздерінің мәліметінше, америкалық өкілдер Киевке мүлде жаңа ұсыныстардың үлкен пакетін әкелмеген. Олар бұған дейінгі бастамаларды қайта жандандырып, Мәскеу мен Киевтің ұстанымдарын жақындатуға тырысқан. 

Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі Донбасс мәселесі болған. Ресей өңірді толық бақылауға алуды талап етіп отыр, ал оның бір бөлігі әлі де Украина бақылауында.

Владимир Зеленский кездесуден кейін тараптардың аумақ мәселесін талқылағанын растады. Алайда Украина президенті мұндай мәселелерді түпкілікті түрде мемлекет басшылары ғана шешуі керек екенін айтты. 

Кездесуде сондай-ақ АҚШ, Ресей және Украина арасындағы үшжақты келіссөздерді қайта бастау мүмкіндігі қаралған. Джаред Кушнер Вашингтонның келіссөздер форматын қайта жандандыруға үмітті екенін мәлімдеді. 

Уиткофф пен Кушнер Киевке 6 қыркүйекте, Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен үш сағаттан астам келіссөз жүргізгеннен кейін барған. Алайда қазіргі уақытта келіссөздерде нақты дипломатиялық ілгерілеу болғаны туралы ақпарат жоқ. 

Украина үшін Донбасс мәселесі негізгі түйткілдердің бірі болып қала береді. Киев Ресей бақылауындағы аумақтарды беруге келіспейтінін бұған дейін де бірнеше рет мәлімдеген.