Турсен Алагозов тағы да көзге түсті

Dalanews 21 жел. 2025 07:58

Кәсіпкер, меценат Тұрсын Алагөзов кезекті мәрте көпшіліктің ықыласына бөленді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында “GALANZ Bottlers” компаниясының жаңа жылдық кешінде тағы да жомарттық көрсетті, деп хабарлайды Dalanews.kz

2025 жылғы қызмет қорытындысына арналған корпоративтік кеш барысында ол өз қызметкерлерін алдағы мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Салтанатты жиын барысында кәсіпкер компания қызметкерлерінің 65 жастан асқан ата-аналарына ай сайын қаржылай қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, әрбір ата-ана ай сайын 50 мың теңге көлемінде төлемақы алады.

Бұл бастама – қызметкерлердің ата-аналарына осындай саналы, білікті ұрпақ тәрбиелеп өсіргені үшін көрсетілген алғыс пен құрметтің белгісі.
Қуанышты хабарды естіген жиналған қауым кәсіпкердің бұл игі бастамасын зор қошеметпен қарсы алып, ыстық ықыластарын білдірді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар