"Парасатты Президентіңіз, ұлы еліңіз бар". Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілді

Сағыныш Сардарова 07 қар. 2025 10:02

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстан мен АҚШ жалпы құны 17 миллиард доллар тұратын келісімдер жасады. Ол авиация, минералды ресурстар және цифрлық технологиялар секілді бағыттарды қамтиды. Сіздің ойыңызша, бұл серіктестіктің қай саласы маңызды? Екінші сұрақ. Трамп мырза, сізді Қазақстанға келген алғашқы АҚШ президенті деп қашан айта аламыз? Біздің елге қонақ болу жоспарыңызда бар ма?" деген сауал қойылды.

"Бұл әбден мүмкін (Қазақстанға сапармен келу – еск). Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз. Сіздің табиғи ресурсқа бай еліңіз, сондай-ақ, парасатты Президентіңіз бар", - деп жауап берді АҚШ президенті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар