Енді Қазақстан азаматтары көлікті жаңа әдіспен ала алады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда азаматтарға арналған автолизинг іске қосылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков мәлімдеді.
"Көлік сатып алу - көптеген азамат үшін қиын мәселе. Көпшіліктің қымбат несие алуға немесе жылдар бойы алғашқы жарна жинауға мүмкіндігі жоқ. Бұл мәселені біз екі жыл бұрын алғаш көтердік. Бүгінде ол нақты нәтиже берді, Президент тапсырмасымен жеке тұлғаларға арналған автолизинг механизмі іске қосылады", - деді депутат.
Айта кетейік, лизинг - ұзақ мерзімді жалдау түрі, яғни адам көлікті 2-5 жыл пайдаланады, бірақ көліктің иесі лизинг компаниясы болып қала береді.
Мерзім аяқталғанда клиент көлікті қайтарып, қалған құнымен сатып ала алады немесе жаңа келісімшарт рәсімдей алады.
