2025 жылдың 15 қарашасынан бастап Қазақстанда тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қоюдың жаңа ережелері күшіне енеді. Өзгерістер ҚР Индустрия және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы №464 бұйрығымен бекітілген, деп хабарлайды Dalanews.kz PRG.Zanger-ге сілтеме жасап.
Жаңартылған ережелер азаматтарға тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан бас тартуға болатын жағдайларды нақтылайды.
Енді кейбір қазақстандықтар тұрғын үй кезегіне тұра алмайды, егер:
-
соңғы бес жыл ішінде осы елді мекенде тұрғын үйге иелік еткен болса немесе иелігінде болған болса;
-
егер сөз мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан есепке қою туралы болса, азамат соңғы бес жыл ішінде Қазақстан аумағында тұрғын үйге иелік еткен немесе иелігінде болған болса;
-
азамат мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген баспананы пайдаланып жүрсе немесе жергілікті атқарушы орган (ЖАО) жеке меншік иесінен жалға алған тұрғын үйде тұрып жатса;
-
ұсынылған құжаттарда жалған мәліметтер анықталса;
-
азамат бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алып, оны жекешелендірген болса;
-
ол Ұлттық банк бағдарламалары, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары немесе ҚР Үкіметі бекіткен тұжырымдамалар аясында берілген ипотекалық несие арқылы тұрғын үй сатып алған болса.
Бұл өзгерістердің мақсаты – мемлекеттік тұрғын үйді бөлу жүйесінің әділдігін және оның нақты мұқтаж жандарға бағытталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттен қайталама көмек алу жағдайларын болдырмау.
