8 вагон рельстен шығып кеткен: Ақмола облысындағы апат

Dalanews 07 қар. 2025 08:23

Ақмола облысында жүк пойызына рапс майын тиеген 8 вагон рельстен шығып кетіп, апат болды, деп хабарлайды Dalanews.kz

"Қазақстан темір жолы" АҚ хабарлауынша темір жол апаты Макинка елдімекеніне жақындағанда "Бота-2015" жол өткелі маңында болған.

"Жүк пойызының 12 вагоны өздігінен жүріп кетіп, олардың сегізі рельстен шығып кеткен. Келеңсіз жағдай жекеменшік ұйымның қызметкерлерінің салғырттығынан болды. Апат нәтижесінде байланыс желісі бүлінді", - деп хабарлады компания.  

Вагондардың рельстен шығуы оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Апат себептері тексеріліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар