Солтүстік Қазақстанда мемлекеттік мекеме есепшісі өзіне 17 млн теңге жалақы жазып алған

Сағыныш Сардарова 07 қар. 2025 10:31

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Жастар ресурстық орталығында жүргізілген тексеріс барысында мекеме бухгалтері бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы мәліметінше, ол 2020 жылғы қаңтардан бастап 2025 жылғы ақпанға дейін өзінің жеке шотына жалпы сомасы 17 млн теңге көлемінде жалақы және өзге де төлемдер ретінде қаражатты заңсыз аударған.   

2025 жылғы 27 наурызда аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.  

Кейінірек бухгалтер қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды (үкім заңды күшіне енді).  

Мемлекетке келтірілген шығын ішінара өтелді.   


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар