7 қарашада ауа райы қандай болады?

Көркем Алдабергенова 07 қар. 2025 07:30

Қазақстан аумағындағы ауа райында нағыз өзгеріс кезеңі басталды – жылы күндер қысқы суық күндерімен алмасып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдағы күндері аяз әкелген суық антициклон ел аумағынан ығысып, оның орнына жылдам қозғалып келе жатқан циклон келмек. Бұл циклон жауын-шашынды сақтағанымен, өзімен бірге жылымық алып келеді – солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы түнде 3 градус аяздан күндіз 2 градус жылуға дейін көтеріледі.

Ал оңтүстік өңір тұрғындарын жылы ауа массалары қуантады: олар жауын-шашынның тоқтауына ықпал етеді, әрі 8 қарашада күндізгі уақытта ауа температурасы +10…+15°С дейін көтеріледі деп күтіледі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар