Қаржыгер-маман Расул Рысмамбетов "Қазақмыс" пен "Қазмырыштың" сатылып кету қаупі барын айтып, дабыл қақты. Сондықтан ол бұл ретте шұғыл түрде стратегиялық активтер агенттігін құруды ұсынады, деп жазады Dalanews.kz.
"ТрамПутинКазахРедкозем" деп басталатын сарапшы жазбасын сол күйінде аударып беруді жөн көріп отырмыз...
"Қазір Қазақстан үшін қызық басталайын деп тұр.
Алдымен Трамп Украинадағы сирек кездесетін материалдардың 50%-ын сатып алу туралы келісімді алға тартты. Одан кейін тағы бір жиналыста Трамп Ресейдің сирек кездесетін ресурстары туралы сөз қозғайды. Сол-ақ екен Ресей жұлып алып, демде кеңес өткізеді. Ол арада Ресей президенті АҚШ-пен бірге ресейлік сирек кездесетін металдары игеруге дайын екенін мәлімдейді. Айта кетейін, негізі, Қазақстанда ондаған ірі ресейлік жер қойнауын пайдаланушылар жұмыс істеп жатыр.
Бұдан, өз басым, мынандай екі қорытынды шығарамын:
- Шұғыл түрде стратегиялық активтер агенттігін құру керек немесе ҰҚК+ Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі мен Қаржы министрлігіне (ҚМИП) стратегиялық активтерді қатаң қадағалауды жүктеу қажет. Қауіпсіздік Кеңесі және / немесе Парламент арқылы осындай активтерді сатуды мақұлдату шарасын бекіту керек.
- Шетелдіктер, онда да орыстар "Қазақмыс" пен "Қазмырышты" сатып алуға тырысуы мүмкін. Өйткені Ресей Федерациясына қазір меншік деңгейін және кіммен келіссөздер жүргізу керектігін көрсету үшін бақыланатын нарық көлемін ұлғайту өте маңызды. Бұл арада мына жақтан қытайлық компаниялар да шығып, Ресей Федерациясымен бәсекелесуге тырысуы мүмкін. АҚШ-тың өзі мұнда келіп жатпайды, олар үшін сирек кездесетін металдарды тауып, апарып беретін орыстар мен қытайлар бар".
Бұған дейін сайтымызда "Үшінші дүниежүзілік соғыстың ұласуына жол бермеймін". Трамп жақында Зеленскиймен кездесуі мүмкін" атты материал жарияланған.