Freedom Inside '26

Қызылордадағы аттракционда оқыс оқиға: жасөспірім ауыр жарақат алды

Қызылордадағы аттракционда оқыс оқиға: жасөспірім ауыр жарақат алды
Фото: inbusiness.kz

Қызылордадағы ойын-сауық саябақтарының бірінде болған ауыр оқиға салдарынан жасөспірім ауруханаға түсті. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қарағанда, аттракционда болған төтенше жағдайдан кейін бала ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазіргі уақытта дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандыру үшін қажетті ем-дом шараларын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты жақындары тұрғындардан қан тапсырып, көмек көрсетуге үндеді.

"Қанға мұқтаж болып жатырмыз. Қолынан келген жандар көмектесіп, қан тапсырса екен. Баланың өмірі үшін күрес жалғасып жатыр", – делінген  хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға аттракциондардың бірінде болған. Алайда қайғылы жағдайдың нақты неден туындағаны әзірге белгісіз.

Оқиғаға байланысты Қызылорда облыстық полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасына ресми сауал жолданды. Құзырлы органдар мән-жайды анықтап жатыр. Ресми ақпарат жарияланғаннан кейін материал толықтырылады.