G7 саммитінен кейін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Франция президенті Эммануэль Макрон бірлескен баспасөз конференциясын өткізіп, Украинадағы қақтығысты реттеу, бейбіт келіссөздер жүргізу және Еуропаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
АҚШ президентінің айтуынша, егер екі тарап келіссөздер барысында икемділік танытса, Украинадағы соғысты бірнеше апта ішінде аяқтауға болады. Ол Вашингтонның қақтығыстың үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласуына жол бермейтінін атап өтті.
Сондай-ақ Трамп АҚШ пен Украина сирек кездесетін металдар және басқа да ресурстар жөніндегі келісімді бекітуге жақын қалғанын мәлімдеді.
"Зеленский алдағы немесе келесі аптада келіп, келісімге қол қоя алады. Бұл тамаша болар еді. Мен онымен Овал кабинетте кездесуге дайынмын", – деді Трамп.
Бұдан бөлек, АҚШ президенті тағы бірнеше мәселеге тоқталды.
"Ресей президенті Владимир Путин Украинада еуропалық бітімгерлік күштерін орналастыруға қарсы емес. АҚШ Ресеймен ұзақ мерзімді экономикалық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі", - деді ол.
Оның пікірінше, бұл бастамалар Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ықпал етеді.
"9 мамырда Мәскеуге бару ерте, бірақ "мен қолайлы уақытта барғым келеді", - деп қосты ол.
Франция президенті Эммануэль Макрон өз кезегінде Украина бейбіт келіссөздерге қатысуы керек екенін және Париж бен Лондон Киевке қауіпсіздік кепілдіктерін ұсыну жоспарын әзірлегенін мәлімдеді.
Макронның айтуынша:
Украинаға еуропалық әскер кіргізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, бірақ олардың міндеті тек қауіпсіздікті қамтамасыз етумен шектеледі.
Ресейдің бұғатталған активтерін тәркілеу мүмкін емес, өйткені бұл халықаралық құқық нормаларын бұзады.
Украина бейбіт келіссөздерге қатысуы тиіс, ал Еуропа елдері оған қауіпсіздік кепілдіктерін беруге дайын.